Елімізде ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді – ҚР ИИДМ

Елімізде ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді – ҚР ИИДМ

Қазіргі уақытта 57 ішкі бағытта 605 тұрақты рейс орындалып жатыр

Қазақстанда ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ел аумағында төтенше жағдай режимінің алынып тасталуына байланысты ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта 57 ішкі бағытта 605 тұрақты рейс орындалып жатыр. Төтенше жағдай кезінде ұшпай қалған әуе рейстерінің жолаушылары билет құнын толықтай қайтарып немесе сатып алған жерлеріне барып, басқа күндерге тегін ауыстыра алады. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, әуе рейстері Қазақстан Республикасының Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №3 қаулысына сәйкес орындалады», - делінген ведомство ақпаратында.