Елімізде ең төменгі жалақы 85 000 теңге болады

Елімізде ең төменгі жалақы 85 000 теңге болады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Заңда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асады.

Қазақстанда 2024 жылға ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшері бекітілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылға арналған ең төменгі жалақы, айлық есептік көрсеткіш және зейнетақының ең төменгі мөлшерін айқындайтын заңға қол қойды.

Заңда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

- ең төменгі жалақы мөлшері - 85 000 теңге;

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 28 215 теңге;

- зейнетақының ең төменгі мөлшері - 57 853 теңге;

- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 692 теңге;

- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 43 407 теңгені құрайды.