Елімізде электромобильдер саны 10 есеге өсті

Елімізде электромобильдер саны 10 есеге өсті
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

 Елімізде электромобильдер саны 10 есеге өсті: әсіресе, мұндай көліктер Алматыда көп

 Еліміздің жолдарында бір жылда электромобильдер саны 10 есеге өскен. Бұл көліктердің басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген. Жалпы тіркелген көліктердің 59 пайызы, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz  Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша елімізде 4,4 млн жеңіл автокөлік тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда 15,2%-ға артық.

«Назар аударарлық жайт, тіркелген электр көліктерінің саны 10,4 есеге, бензинмен жүретін автомобильдер саны 14,9%-ға, дизельдік отынмен – 12,2%-ға, газ баллондарымен – 38,2%-ға, ал аралас үлгідегі көліктер саны – 19,3%-ға артқан», - деп хабарлайды сарапшылар.