Елімізде бір күнде 11 адам коронавирус жұқтырды

Елімізде бір күнде 11 адам коронавирус жұқтырды
almaty-akshamy.kz

Қазақстанда өткен тәулікте 11 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 7 және Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам.

Жалпы, ел бойынша ауырғандар саны - 1 305 315.

Сондай-ақ 151 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Алматы қаласында - 8,

Ақтөбе облысында - 137,

Алматы облысында - 3,

Шығыс Қазақстан облысында - 1,

Қарағанды облысында - 1,

Қызылорда облысында - 1,

Елімізде барлығы 1 290 679 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.