12 сәуірге арналған ауа райы болжамы

12 сәуірге арналған ауа райы болжамы
misanec.ru

"Қазгидромет" Қазақстанның аймақтарында 2022 жылғы 12 сәуірде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

ҚР территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, оңтүстік жартысында қатты жаңбыр болып, найзағай ойнайды. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары қысым алқабы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте дауыл, солтүстік-батысында тұман, оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады.

Алматы облысының күндіз шығысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігі және шығысында жел 18-23 м/с дейін күшейеді. Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аймақтарында найзағай ойнап, дауыл тұрады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында найзағай жарқылдайды, желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді. Ақмола облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнайды, желдің екпіні 15-20м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 23-28 м/с дейін күшейеді. Қарағанды ​​облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, түнде желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде түнде және таңертең найзағай ойнап, дауыл соғады, облыстың орталығында желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының түнде оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді. Күндіз Атырау облысының батысында, Маңғыстау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, облыстың оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, күндіз Павлодар облысының орталығында желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.