Елімізде бес айда балалар 700-ден астам жол көлік оқиғасына түскен

Елімізде бес айда балалар 700-ден астам жол көлік оқиғасына түскен
volynnews.com

Жыл басынан бері елімізде балалардың қатысуымен 700-ден астам жол көлік оқиғасы тіркелген.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Әсет Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

«Жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беріледі. Себебі каникул кезінде олардың бос уақыты көп. Кейде балалар жол қауіпсіздігі ережелерін сақтамай жатады. Ата-анасына қарап бой түзейді, мысалы, ата-ана жол бойын кесіп өте салса, оны көрген бала қайталайды. Жыл басынан бері балалардың қатысуымен 700-ден астам жол көлік оқиғасы тіркелді», - деді Әсет Оспанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысының айтуынша, жол қауіпіздігін қамту мақсатында бірқатар іс-шара атқарылып жатыр.

«Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жыл сайын «Назар аударыңыз, балалар!», «Қауіпсіз жол», «Мектепке жол» тағы сол сияқты профилактикалық шаралар өткізіледі. Мысалы, 15-31 мамыр аралығында ел көлемінде «Назар аударыңыз – балалар» іс-шарасы өтті. Мақсаты-балаларға жол-көлік ережелерін үйрету, қауіпсіздің маңыздылығын түсіндіру», - дейді ол.

Одан бөлек, ІІМ өкілі балаларды тасымалдайтын автобустардың талапқа сәйкестігі тексерілетінін айтты.