Елімізде А гепатитін жұқтырғандар көбейді

Елімізде А гепатитін жұқтырғандар көбейді
Сурет: интернеттен

Көбіне тазалық сақтамағанның кесірінен жұғады.

Биыл бұл дертке шалдыққан науқастар саны 1,9 есе артқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"2024 жылдың басынан бері елімізде жіті А вирустық гепатитінің 850 жағдайы тіркелді, бұл - өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары көрсеткіш", делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 24 наурызда таратқан хабарламасында.

А вирустық гепатиттің берілу жолдары:

лас сумен, бұзылған тағаммен және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қолдар арқылы беріледі.

А вирустық гепатиті ауруының белгілері:

дене температурасының жоғарылауы,

бастың ауруы,

тәбеттің төмендеуі,

енжарлық,

жүректің айнуы, құсу.

Инкубациялық кезең - 14-тен 35 күнге дейін.

А гепатитімен ауыратын науқас симптомдар пайда болғанға дейін екі аптада және бір аптадан кейін басқаларға ауруды жұқтыра бастайды.

Вакциналау А вирустық гепатитінен қорғайды.

Вакцинациялауға жататын топтар:

екі жастағы балалар;

инфекция ошақтарындағы науқаспен байланыстағы адамдар.

Гепатиттен қалай сақтануға болады:

тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан оралғанда, серуендегенде қолыңызды жуыңыз;

ашық су қоймаларынан алынған суды қайнатпай ішпеңіз және онымен жемістер мен көкөністерді жууға болмайды;

ластанған су айдындарында шомылуға болмайды.