Елімізде 1,6 мыңға жуық адам індеттен емделіп шықты

Елімізде 1,6 мыңға жуық адам індеттен емделіп шықты
Сурет: Inform.kz

 Алматыда 624 науқас сауықты

Қазақстанда 1571 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, 
Нұр-Сұлтан қаласында - 670, 
Алматы қаласында - 624, 
Ақтөбе облысында - 10, 
Алматы облысында - 6, 
Жетісу облысында - 43, 
Атырау облысында - 13, 
Шығыс Қазақстан облысында - 41, 
Жамбыл облысында – 35, 
Батыс Қазақстан облысында - 15, 
Қарағанды облысында - 40, 
Ұлытау облысында - 13, 
Қызылорда облысында - 14, 
Маңғыстау облысында - 17, 
Павлодар облысында - 9, 
Түркістан облысында 21 адам емделген. 
Елімізде барлығы 1 306 614 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.