Елена жартылай финалда!

Елена жартылай финалда!
Сурет: Ашық дереккөз

Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен Майамидегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің ширек финалында жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. 1/8 финалда Мэдисон Кизді екі сетте, 6:3, 7:5 есебімен жеңген отандасымыз ширек финалда грекиялық Мария Саккаримен жолығып, 7:5, 6:7, 6:4 есебімен жеңіске  жетті. Рыбакина ақтық сынға шығу үшін Юлия Путинцевадан басым түскен белорусиялық Виктория Азаренкоға қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Майамидегі WTA 1000 турниріне әлемнің түкпір-түкпірінен 96 спортшы қатысып, 9 миллионға жуық АҚШ долларын сарапқа салып жатыр.