Елена Рыбакина Қазақстан халқына алғыс айтты

Елена Рыбакина Қазақстан халқына алғыс айтты
Сурет: 1rre.ru

Спортшы отандастарына қолдау білдіргені үшін рақмет айтты.

Елена Рыбакина «Уимблдон – 2022» турниріндегі жеңісінен кейін Қазақстанға келеді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz  

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 12 шілде күні Нұр-Сұлтанда еліміздің бірінші ракеткасы, «Уимблдон – 2022» чемпионы Елена Рыбакинаның қатысуымен арнайы бағдарлама болады. Журналистермен баспасөз конференциясы, жас спортшылармен және жанкүйерлермен кездесу жоспарланған. 

«Қымбатты қазақстандықтар! Үйге бара жатырмын. «Уимблдонда» мені қатты қолдадыңыздар. Рақмет, бәрін сезіндім. Біз бәріміз тарихқа ендік. Бұл – өте керемет! Әлі күнге дейін сене алар емеспін», – дейді спортшы.