Елена Рыбакина Дубайда әлемнің бесінші ракеткасын ұтты

Елена Рыбакина Дубайда әлемнің бесінші ракеткасын ұтты
Сурет: Nur.kz

Кездесу 56 минутка созылды.

Елена Рыбакина Дубайда әлемнің бесінші ракеткасын ұтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Қазақстандық Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан World Tennis League командалық турнирінің топтық кезеңінде әлемнің 5-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы ұтты. 56 минутқа созылған кездесу, Қазақстанның пайдасына 0:6, 6:1, 10:6 есеппен аяқталды», - делінген хабарламада.

«Қаршығалар» тобында өнер көрсететін Елена Рыбакина «Сұңқарлар» сапында шыққан қарсыласын 0:6, 6:1, 10:6 есебімен тізе бүктірді.