Елена Рыбакина Алматыға келді

Елена Рыбакина Алматыға келді
Сурет: Ашық дереккөз

Рыбакина жас теннисшілермен шеберлік сағатын өткізді

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Алматы қаласына келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, спортшы журналистермен өткен баспасөз мәслихатында Уимблдондағы табысы, сондай-ақ жаңа маусымдағы ой-жоспарымен бөлісті.

«Ең алдымен мені жылы қабылдағаныңыз үшін алғысымды айтамын. Уимблдондағы жеңістен кейін Астанаға ұшып келіп, жанкүйерлеріммен кездестім. Астанадан кейін Алматыға келуім керек еді. Бірақ өзімді жайсыз сезінгендіктен, сапарымды кейінге қалдырдым. Міне, соның сәті енді туып отыр. Осында сіздермен әңгіме дүкен құрып, жас теннисшілермен шеберлік сағатын өткізуге мүмкіндік алғаныма қуаныштымын», -  деді Е.Рыбакина.