Электронды темекі зиянды ма?

Электронды темекі зиянды ма?
Сурет: 3dnews.ru

Темекі ағзаға қаншалықты әсер етеді?

Қазір шылымның неше түрі бар. Бұрын қағазға оралған, түбі сары, біркелкісін көретінбіз. Бүгінде оның неше атасы пайда болды. Тәтті, ащы қосылғаны, басқа да неше түрі кездеседі. Әркім қалағанын алады.

Ашық дереккөздерде қарапайым темекінің құрамы туралы бірқатар деректер бар. Мәселен, темекі - жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал және алколоидер бар өсімдік. Оның түтінінде 30-астам улы заттар бар: никотин, көмірқышқыл газы, көміртек тотығы, көгеретін қышқыл, аммиак, шайырлы заттар, органикалық қышқылдар және басқалары. Сонымен қатар, ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады.

Біле жүріңіз. Бүгінде әрбір шылымның сыртқы қорабында қаншалықты зиян тигізетіндігі жазылған. Мүгедектікке, белсіздікке, онкологиялық ауруларға душар ететіндігі ескертілген. Ал енді өзіңіз ойлай беріңіз, осының арты қалай болмақ? Соңғы уақыттары «электронды сигара» шығуда. Бұның жазып, дәлелдеп қажеті жоқ. Барлығы түсінікті. Әсіресе, жас жеткіншектер, қыз балалардың әуестігі қиналтады. Олардан ертеңгі күнгі ұрпақ өрбиді. Сол кезде өмірге дені сау, зерек ұрпақ келсе деген ниеттеміз.

Түйін. Көрнекті жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» депті. Жоғарыдағы ойларды топтап айтқанда осыған саяды. Сондықтан зиянды нәрсеге аса әуестенбеген абзал. Бос уақытта спортқа жақын болып, пайдалы іспен айналысса, нұр үстіне нұр болар еді.