Терапевт артериалды қан қысымын түсіретін өнімді атады

Терапевт артериалды қан қысымын түсіретін өнімді атады
Сурет: Kartinkin.net

Шоколад артериалды қан қысымын түсіруге әсер етеді

Бұл туралы жапондық терапевт Юму Мори айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рен-тв-ға сілтеме жасап.

Оның пікірінше, десерттің бұл түрінде какао флавонолдары көп. Осының арқасында қан тамырларындағы азот оксидінің синтезі басталып, олардың кеңеюі жүреді.

Жапон дәрігері швед ғалымдары жүргізген зерттеуге сүйенеді. Оған 70 мыңға жуық адам қатысты. Нәтижесінде шоколад миокард инфарктісінің даму қаупін азайтуға үлкен әсер еткенін көрсетті, деп хабарлайды Diamond online журналы.

Төрт жарым ай ішінде мамандар  екі топқа бөлінген еріктілердің қан қысымын салыстырды. Қара шоколадты жеген экспериментке қатысушылардың арасында қысымның жоғарғы мәні сынап бағанасының 2,9 миллиметрге төмендегені белгілі болды. Сонымен қатар, ақ шоколад жеген топта ешқандай өзгеріс болған жоқ.

Осылайша, жапон дәрігерінің айтуынша, шоколадтың барлық түрлері денсаулыққа пайдалы әсер ете бермейді. Сондай-ақ, ол 70 пайыздан астам какао бар шоколадты жеуге кеңес берді.