Елдікті бұзу, бірлікті шайқалту, бұл – қылмыс

Елдікті бұзу, бірлікті шайқалту, бұл – қылмыс
almaty-akshamy.kz

Ел бірлігін нығайту үшін қызмет ету – ең жауапты әрі сауапты іс. Бұл туралы бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды  almaty-akshamy.kz

«Халқымыздың ынтымақ-бірлігі бұл – тағдырдың бере салған сыйы емес. Бұл – ең алдымен, жұртымыздың күнделікті табанды еңбегінің арқасы екенін дұрыс түсінуіміз керек. Сондықтан біз бірлігімізді күн сайын нығайтып отыруымыз қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент татулық пен келісім халқымыздың өмір салтына айналуы тиіс екенін айтты.

«Әйтпесе, елдікті сақтап қалуымыз өте қиын болады. Жақсы тілек айту – халқымыздың қанына сіңген қасиет. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп бекер айтылмаған. Мен барша отандасымызды еліміздің береке-бірлігін бағалай білуге шақырамын. Шын мәнінде, ел бірлігін нығайту үшін қызмет ету – ең жауапты әрі сауапты іс. Елдікті бұзу, бірлікті шайқалту, бұл – заң алдында қылмыс, Құдай алдында – күнә. Осыны бәріміз терең түсінуіміз қажет», - деді Мемлекет басшысы.