Елде қант тапшылығы жоқ – министрлік

Елде қант тапшылығы жоқ – министрлік
Cурет: Ашық дереккөз

«Қант тапшылығы болады» деген ақпарат шындыққа жанаспайды

Кеше АШМ және СИМ хабарлағандай, бүгінде елде қант тапшылығы жоқ. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі үш айға жеткілікті. Сонымен қатар қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды! Қор толтырылып отырады. Яғни «үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады», деген ақпарат шындыққа жанаспайды»,- делінген хабарламада.

Елдегі қант өндірісінен бөлек, өзге елдерден импорттау мүмкіндігі бар. 

«Сондықтан ажиотажға ерік бермеуге шақырамыз»,-делінген хабарламада.