Елде 5 қаңтардан бастап нысандардың жұмыс режимі өзгереді

Елде 5 қаңтардан бастап нысандардың жұмыс режимі өзгереді
Сурет: Оrtcom.kz

Бүгін Бас санитар дәрігер жаңа қаулыға қол қойған болатын

ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың Ashyq жобасы бойынша жаңа қаулысында нысандардың жұмысына қатысты тиісті режим белгіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл тұрғыда Ashyq жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылатын нысандар айқындалды. Осы орайда құжатта адамдар көптеп жиналатын 40-қа жуық нысан белгіленген.

«Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Ashyq жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері мынадай жұмыс режимін:

- «қызыл» және «қоңыр қызыл» аймақтарда орналасқан өңірлерде – сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін;

- «сары» аймақтағы орналасқан өңірлерде – сағат 01.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 03.00-ге дейін;

- «жасыл» аймақта орналасқан өңірлерде – сағат 03.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 05.00-ге дейін белгілеуді қамтамасыз ету бекітілген.

«Демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе болған жағдайда (вакцинациялау, сынама алған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесттің болуы, КВИ-ге қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе КВИ-мен ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) объектілердің жұмыс істеуіне жол беріледі», - делінген құжатта.

Осы қаулы 2022 жылы 5 қаңтардан бастап күшіне енеді.