Елбасы стипендиясының атауын өзгерту ұсынылды

Елбасы стипендиясының атауын өзгерту ұсынылды
Сурет: Kazadi.edu.kz

Мұндай жоба қоғам талқылауына жарияланды. 

«Тұңғыш Президент - Елбасының мемлекеттік стипендиясы» енді басқаша аталатын болады. Атауын өзгерту туралы жоба «Ашық НҚА» сайтында қоғам талқылауына жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Құжат жобасын әзірлеген орган – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі. 

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі №369 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы» деген редакцияда жазылсын»,- делінген Жарлық жобасында. 

Яғни, «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы» деген атау «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия» деп өзгертіліп отыр. 

Ал стипендияның мөлшері бұрынғыдай 55 айлық есептік көрсеткіш (174 900 теңге – ред) көлемінде қалады.