Ел тұрғындарының банк алдындағы берешегі қанша?

Ел тұрғындарының банк алдындағы берешегі қанша?
Сурет: Kt.kz

Биыл маусым айының соңына қарай қарыздар портфелі 20,1 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 27,5%-ға артық.

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, экономикаға қарыздар портфеліндегі мерзімін өткізіп алу үлесі ағымдағы жылы шамамен 3%-ды құрады, ал бір жыл бұрын ол 6%-дан асты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Eloda.info сайтына сілтеме жасап. 

ҚР ЕДБ арасындағы еліміздің ең ірі кредиторы Halyk Bank болып табылады. Шоғырландырылған аудиторлық қаржылық есептіліктің деректері бойынша 2021 жылдың соңына қарай банк берген қарыздар 6,3 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылға қарағанда 29,6%-ға артық. Сонымен қатар Ресейдің еншілес Сбербанкі берген қарыздар 2021 жылдың соңына қарай 2,3 трлн теңгені құрады.

ЦентрКредит Банкінің кредиттік қоржынының құрылымы мынадай: 55,6% - жеке тұлғаларға, 6,6% – сауда секторына, 5,7%  – жылжымайтын мүлікті жалға беру секторына, 5% - энергетикаға, 4,7%- мұнай-газ саласына берілген несиелер.