Ел біріншілігі: Бүгін бес салмақтың мықтылары анықталады

Ел біріншілігі: Бүгін бес салмақтың мықтылары анықталады
Сурет: https://olympic.kz/

Бүгін күрес түрлерінен Астана қаласында өтіп жатқан ел біріншілігінде грек-рим күресінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер толығымен анықталады.

Бүгін боз кілемге 60 келі, 67 келі, 77 келі, 87 келі және 130 келі салмақ санатындағы балуандар өзара кім мықтыны анықтайды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Ел біріншілігі елорда төрінде Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында өтіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, кеше ел біріншілігінің алғашқы күні грек-рим шеберлері 55, 63, 72, 82 және Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 келі салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Аталған ел біріншілігіне еліміздің 20 өңірінен 600-ден астам күрес шеберлері қатысуда.
Осы біріншілікте топ жарған балуандар Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Азия аймақтық, Ыстанбұлда (Түркия) өтетін әлемдік іріктеу турнирінде бақ сынау мүмкіндігіне ие болады.