Экс-министр Жамбыл облысының әкімі болды

Экс-министр Жамбыл облысының әкімі болды
Сурет: Gov.kz

Қарашөкеев бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігін басқарды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ақорда жариялаған ақпаратта «Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», - делінген.

Қарашөкеев 2021 жылғы қыркүйектен бері ауыл шаруашылығы министрі болды. Ал Жамбыл облысын басқарған Нұржан Нұржігітов жаңадан құрылған су ресурстары және ирригация министрлігінің басшысы болып тағайындалды.