Екпені қашан алған дұрыс?

Екпені қашан алған дұрыс?
Сурет: Gazeta.ru

Бұл сұраққа Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева жауап берді.

«Коронавирус штамының дельта айналымы және денсаулық сақтау жүйесінің дайындығы» тақырыбындағы онлайн конференция барысында екпе туралы жан-жақты сөз болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Алдымызда күз, қыс мезгілі келе жатыр. Ол уақытта коронавирусқа қосымша мезгілдік жұқпалы тыныс ауруларының қозатыны белгілі. Ал ауырып тұрған адамға, әлсіз ағзаға екпе салуға болмайды. Сондықтан сіздерге екпені қазіргі уақыттан қалдырмай салдырып алуға кеңес беремін», - деді Светлана Сұлтанғазиева.

ҚР ДСМ баспасөз қызметінің 2021 жылғы 25 тамыздағы мәліметі бойынша, Қазақстанда I компонентпен 6 448 802 адам, II компонентпен 5 123 033 адам вакцина салдырды.