Екібастұздық оқушылар қысқы демалыстарын балалар лагерлерінде өткізді

Екібастұздық оқушылар қысқы демалыстарын балалар лагерлерінде өткізді
Сурет: Astanatv.kz

Екібастұз қаласында тұратын 400-ден астам бала қысқы демалысты Ақмола облысындағы балалар лагерлерінде өткізді.

Зеренді мен Бурабайдағы демалыс оқушылар үшін тегін ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Олар түрлі іс-шараға қатысып, шаңғы, коньки тепті. Табиғат аясында серуендеуге шықты. Оларға жаңажылдық сыйлықтар да берілді. Жалпы, республика бойынша бір мыңнан аса екібастұздық бала қысқы демалыс орындарында болды.

«Мұнда біз пойызбен келдік. Тіпті сол пойызда да қызық болды. Барлығымыз таныстық, ойнадық. Ал Бурабайдағы демалыс өте керемет! Бізге жолдама берілгеніне қуаныштымын. Үлкен алғыс айтамын. Маған, әсіресе, биіктен сырғанау қатты ұнады. Таныстығымыз Екібастұзда да жалғасады деп ойлаймын», - дейді оқушы Арайлым Байсанатова.