Жетісу ауданында екі жаңа жастар саябағы ашылады

Жетісу ауданында екі жаңа жастар саябағы ашылады
mirbelogorya.ru

Бұл туралы Алматы әкімі Е. Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Биылғы қараша айының соңына дейін ауданда жасөспірімдер мен жастарға арналған 2 жаңа жастар саябағы ашылады. Біреуі Рысқұлов даңғылындағы көпірдің астында, Сүйінбай даңғылының бұрышында, екіншісі "Айнабұлақ-1" шағынауданындағы сайда болады.

Сонымен қатар, осы жылдың қараша айында "Көкжиек" шағынауданында және "Айнабұлақ" шағынауданындағы Жұмабаев көшесінің бойында ұзындығы
1300 метрлік 2 жаяу жүргіншілер аймағының құрылысы аяқталады.

Биылғы тамыз айында "Кемел" шағынауданында парк аймағын абаттандыру жұмыстары басталды. Барлығы 10 га аумақ абаттандырылады. Жұмыстар 2023 жылдың II тоқсанында аяқталады.