Алматы әкімі Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесті

Алматы әкімі Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесті
Суретті түсірген - Д.Исаев

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кезекті кездесуі Жетісу ауданында өтті. Қала басшысы ауданның дамуы және тұрғындардан келіп түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты. Кездесуге 180 адам келді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Аудандағы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту өзекті мәселе болып қалуда. Қазан айының соңына қарай ауданда Қазыбаев-Рысқұлов-Тәтібеков-Райымбек (58 км) көшелерінің аумағындағы желілерді қайта жаңарту жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.  Сондай-ақ, бүгінгі күні ауданда ұзындығы 47 км сумен жабдықтау және кәріз желілерін сынау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аудан тұрғындарын тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету үшін осы жылдың мамыр айынан бастап ескірген 40 шақырым  желілерді қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Палладина–Павлодар–Сельская–Бурундайская көшелеріндегі учаскелер жыл соңына дейін, ал "Кемел" шағынауданында жұмыстар 2023 жылдың сәуір айында аяқталады. 

Жолдардың пайдалану сипаттамаларын жақсарту үшін жалпы ұзындығы 15,3 шақырым 13 көшеде орташа жөндеу аяқталды, ағымдағы жылдың қараша айына дейін қосымша 9 көше (11,9 шақырым) жөнделетін болады.

Қала әкімі атап өткендей, ауданда жауын-шашын кезінде су басу мәселесі өзекті болып қалуда. Тұрақты су басудың 8 учаскесі анықталды. ТЖ желісі бойынша проблеманы шешу үшін жыл соңына дейін 2,2 шақырым коллекторды қалпына келтіру, 7,2 шақырым арық желілерін салу қарастырылған. Сондай-ақ маусым айында өткізу қабілетін арттыру үшін 27 мекенжай бойынша 4,4 шақырым арықтарды жаңғырту жұмыстары басталды. Жұмыстарды ағымдағы жылдың қазан айына дейін аяқтау жоспарлануда.

Оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу үшін ауданда жұмыс істеп тұрған 4 мектепке қосымша құрылыс салу, сондай-ақ 2 оқу орнына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қыркүйек айының соңына дейін №129 мектепті күрделі жөндеу аяқталады, 80 мектеп бойынша жұмыстарды келесі оқу жылының басында аяқтау жоспарлануда.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы тапшылықты қысқарту мақсатында «Айнабұлақ-4» шағынауданында 160 орындық балабақшаның құрылысы басталды. Аяқталу мерзімі - 2023 жылғы маусым.

Медициналық қызмет көрсетудің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Жетісу ауданында 3 денсаулық сақтау нысаны бойынша жұмыс жүргізілуде. Жыл соңына дейін "Кемел" шағынауданында 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталады. Осы жылдың тамыз айында емханалардың екі ғимаратын күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу қолға алынды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2023 жылы басталады.

Ауданда "Кемел", "Айнабұлақ" және "Құлагер" шағынаудандарында үш дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. Қазан айында тегін үйірмелер мен секцияларға балаларды қабылдау басталады. Кешендерге күн сайын 700-ге жуық бала бара алады.

Сондай-ақ, қала әкімі ауданның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Қыркүйек айында 597 бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары басталады. Негізінен бақылау камералары блім беру объектілерінің жанында, саябақтар, скверлер аумақтарында, аулалар мен жол қиылыстарында орнатылады.     

 «Халықтың бюджетке қатысуы» бағдарламасы аясында 8 жоба жүзеге асырылды, 3 аула алаңына, 2 скверге жөндеу жүргізілді, "Құлагер" шағынауданындағы Арбат алаңы балалардың ойын кешендерімен толтырылды, Великолукская көшесі мен Рысқұлов даңғылы – Крылов көшесінің  бұрышына 2 жаңа жаяу жүргіншілер аймағы жасалды. Тағы 13 жоба қазан айының соңына дейін аяқталады.  "Құлагер" шағынауданында ұзындығы 1 км болатын 2 жаңа жағалау,  ұзындығы 40 м және биіктігі 4 м болатын барлық маусымдық төбешік салынады. Жұмысшы кентінде жаңа демалыс аймағы және  9 аулада балалар үшін жаңа ойын алаңдары салынады.

Қараша айының соңына дейін ауданда 2 жаңа жастар саябағы ашылады, біріншісі - Рысқұлов даңғылындағы көпірдің астында, Сүйінбай даңғылының бұрышында, екіншісі - "Айнабұлақ -1" шағынауданындағы жырада. 

Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды, кәріз және электр желілерін жөндеу, абаттандыру және т. б. мәселелерді көтерді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесулердің жаңа форматына сәйкес жыл соңына дейін Ерболат Досаев халықпен 24 кездесу өткізеді – тоқсанына 8 ауданның тұрғындарымен бір-бір кездесу.