eGov mobile қосымшасында жаңа бөлім іске қосылады

eGov mobile қосымшасында жаңа бөлім іске қосылады
Сурет: yuz.uz

«eGov.Денсаулық» жаңа бөлімі жасалып жатыр

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин денсаулық сақтау саласын цифрландыру тәсілдері қайта қаралатынын мәлімдеді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz https://baq.kz/egov-mobile-qosymshasynda-zhana-bolim-iske-qosylady-284748/BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

«Медициналық көмек көрсетуді есептеу процесін жаппай автоматтандыруды қойып, ауруды ертерек анықтау және асқынудың алдын алуға мән беру қажет. Денсаулық сақтау саласын цифрландыру тәсілдері қайта қаралады. Қазір дәрігер қабылдауына халықтың тек 8 пайызы ғана онлайн жазылады, дегенмен ыңғайлы сервистерді енгізу арқылы бұл көрсеткішті көп ұзамай ұлғайтатын боламыз», - деді министр.

Бағдат Мусиннің айтуынша, ЦДИАӨМ Денсаулық сақтау министрлігімен бірге eGov mobile мобильді қосымшасында «eGov.Денсаулық» жаңа бөлімін жасап жатыр. Бұл бөлімде донорлық мәртебе, электрондық рецепт, вакциналау, тәжірибеханалық зерттеулер қорытындысы, жұмысқа жарамдылық парағы туралы және т.б. ақпарат жинақталады. Осылайша денсаулыққа байланысты барлық мәлімет бір жерде шоғырланып, қолжетімді болады.