Дәулет Ниязбеков жүлдесіз қалды

Дәулет Ниязбеков жүлдесіз қалды
Сурет: Оlympic.kz

Бұйырмады!

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі Дәулет Ниязбеков Олимпиада ойындарының ширек финалында жеңілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Токио бозкілеміне 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде  шыққан Дәулет Ниязбеков жарыстың екінші айналымында қарсыласына жол берді.

Ол үш дүркін әлем чемпионы және Рио Олимпиадасының қола жүлдегері әзірбайжандық Нажи Алиевпен кездесті. Кездесу 9:1 есебімен аяқталып, Әзірбайжан өкілі жартылай финалға шықты. 

Сондай-ақ Нажи Алиев финалға шыққан жағдайда жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.