Дзюдодан Азия чемпионаты тікелей эфирден көрсетіледі

Дзюдодан Азия чемпионаты тікелей эфирден көрсетіледі
сурет: Egemen.kz

Қазақстан құрамасының палуандары қатысады

4-7 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін жарыста 14 салмақ дәрежесі бойынша (7 ерлер, 7 әйелдер) жеңімпаздар мен жүлдергерлер анықталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының атынан қатысатын палуандар: 
Ерлер: Мағжан Шамшадин (60 келі), Бауыржан Нарбаев (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Ерлан Серікжанов (73 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Дидар Хамза (90 келі) Нұрлыхан Шархан (-100 келі), Ислам Бозбаев (-100 келі), Әділ Оразбаев (+100 келі). 
Әйелдер: Абиба Абужақынова (48 келі), Ғалия Тынбаева (48 келі), Гаухар Ирмагамбетова (52 келі), Севара Нышанбаева (57 келі), Мөлдір Нарынова (63 келі), Анастасия Маякова (70 келі), Аруна Жангельдина (-78 келі), Камила Берліқаш (+78 келі), Назгүл Маратова (+78 келі).
 Азия чемпионатын www.qazsporttv.kz сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан онлайн көре аласыздар.