Достық-Мойынты учаскесінде екінші жолдарды салуға 6 мың адам жұмылдырылады

Достық-Мойынты учаскесінде екінші жолдарды салуға 6 мың адам жұмылдырылады
Сурет: Facebook.com

Мақсат – Қытай-Еуропа-Қытай транзиттік дәлізі бойынша еліміздің басымдылығын сақтау. 

Құрылыс жұмыстарына шамамен 6 мың адам жұмылдырылатын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Достық-Мойынты учаскесіндегі екінші жолдардың құрылысы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасына енгізілген болатын. Көзделген негізгі мақсат – Қытай-Еуропа-Қытай транзиттік дәлізі бойынша теміржол транзиттік тасымалдары барысында еліміздің басымдылығын сақтау. 

Жобаны іске асыру жүктерді тасымалдау жылдамдығын арттыруға және өткізу қабілетін 12-ден 60 жұп поезға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, пойыздардың қозғалыс жылдамдығын тәулігіне 1500 шақырымға дейін арттыруға жағдай жасап, басқа да аралас салалардың дамуына қосымша серпін береді деп күтілуде. Құрылыс жұмыстарына шамамен 6 мың адам жұмылдырылатын болады.