Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 3 трлн 739 млрд теңге табыс түсті

Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 3 трлн 739 млрд теңге табыс түсті
inform.kz

2022 жылдың I тоқсанында мемлекеттік бюджетке 3 трлн 739 млрд теңге сомасында кіріс түсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Осы жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, мемлекеттік қаржының атқарылу көрсеткіштері былай қалыптасты: мемлекеттік бюджетке трансферттерді есепке алмағанда 3 трлн 739 млрд теңге сомасында кіріс түсті немесе жоспар 107,1 пайызға орындалды», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, республикалық бюджетке 2,6 трлн теңгеге жуық кіріс кірді немесе жоспар 100,7 пайызға орындалды.

Кіріс бойынша жоспар 17 млрд теңгеге, оның ішінде салық 5 млрд теңгеге, салықтан бөлек жоспар 12 млрд теңгеге асыра орындалып отыр.

«Салық бойынша асыра орындаудың негізгі сомалары корпоративтік табыс салығына, шикі мұнайға экспорттық кедендік бажға, ойын бизнесіне салынатын салық және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салыққа тиесілі болды», - деді Ерұлан Жамаубаев.