"Дос-Мұқасан" ансамблінің гитарасы аукционда сатылды

"Дос-Мұқасан" ансамблінің гитарасы аукционда сатылды
Сурет: Inbusiness.kz

Бұл тарихи жәдігерлер 11 миллион теңгеге сатылған.

"Болашақ" корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Астанада қысқы қайырымдылық балының аясында өткен бәссаудаға өнер туындылары, антиквариаттар мен спорттық атрибутикалар қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап. 

"Дос-Мұқасан" тобының гитарасы аукциондағы басты лотқа айналған. Ұйымдастырушыларға бұл аспапты "Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаған Досым Сүлеев сыйға тартқан. Композитор әйгілі "Жан досым" әнін осы гитарамен шығарған екен.

Гитарамен бірге "Дос-Мұқасан" тобының винилді пластинкаға жазылған алғашқы хит әндері де бәссаудаға қойылды. Бұл тарихи жәдігерлер 11 миллион теңгеге сатылған.

Қайырымдылық балынан түскен қаражат "Әр балаға лайықты мектеп" және "Жол жүру гранттары" әлеуметтік жобаларға жұмсалады.