Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта өсті

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта өсті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы шықты. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,38 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 451,03 теңге.

Ұлттық банктің 1 наурыздағы ресми бағамы — 1 доллар үшін 450,61 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,97 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 450,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 452,9 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы — 448 теңге, сатып алу құны– 453 теңге.

Ресей рублі 4,85 — 4,97 теңге аралығында саудаланып жатыр.