Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?
Сурет: ашық дерекөз

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 458 – 463 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыдағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458,9– 461,7 теңгеден сатылуда. Ал Астанада доллар 459 – 463 теңге аралығында құбылып тұр.

Алматыда Ресей рублі 5,01 – 5,21 теңге, Астанада 5,07 - 5,17 теңге аралығында ұсынылып жатыр.

Ұлттық банктің 1 желтоқсанға белгілеген ресми бағамы – 1 долларға 458,04 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы –5,17 теңге.

Айта кетейік, 30 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,78 теңгеге төмендеп 458, 24 теңге болған.