Республиканың 13 өңірінде ескерту жарияланды

Республиканың 13 өңірінде ескерту жарияланды
Сурет: ашық дерекөз

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

1 желтосқанда Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Маңғыстау, Жамбыл, Ұлытау облыстарында тұман түседі.

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ, тұман болады. Жел секундына 18 метр жылдамдықпен соғады.

Ақмола, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, елдің батысы, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысында көктайғақ болады