Еліміздің 6 өңірінде жолдар жабылды

Еліміздің 6 өңірінде жолдар жабылды
Cурет: Egemen.kz

Жабық учаскелерде жолдарды қардан тазалау үшін арнайы техникалар жұмылдырылды

Ауа райының нашарлауы, көктайғақ, бұрқасын, шектеулі көрінуге байланысты алты өңірде: Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарда қозғалыс жабылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет« РМК дерегінше, өңірлерде бұрқасын, қар, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

ТЖМ жедел штабы жол қызметтері, ІІМ, Қазгидромет және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп жұмыс істеуде. Жабық учаскелерде жолдарды қардан тазалау үшін арнайы техникалар жұмылдырылды. Арнайы бекеттерде құтқарушылар мен полиция қызметкерлері кезекшілік етуде. Жылыту пункттері іске қосылған.

Көлік нөпірінің жиналуына байланысты полиция және жол қызметтері кезек-кезегімен автоколонналарды ілестіріп, діттеген жеріне жеткізуде.

«Азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға шақырамыз. Қажетті сақтық шараларын ұстаныңыз. Қысқы кезеңде елді мекендер арасындағы автомобиль жолдарына шығуды жоспарламас бұрын міндетті түрде алдағы қозғалыс бағыты бойынша ауа райы болжамымен танысқан жөн», - деп ескертеді ҚР ТЖМ.