Доллар бағасы 3 теңгеге арзандады

Доллар бағасы 3 теңгеге арзандады
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Бүгінгі доллар бағамы - 447,52 теңге.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы арзандады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,72 теңгеге төмендеп, 447,52 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 6 наурыздағы ресми бағамы долларға 450,53 теңгені құрайды.

kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 449,22 теңгені, сатылымы 450,91 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 447,44 теңгеден сатып алынып, 452,49 теңгеден сатылуда.