Доллар бағамы өсті

Доллар бағамы өсті
Сурет: Іnbusiness.kz

Бүгін мұнай бағасы да өсті.

Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,22 теңгеге өсіп, 450,25 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-де 65,71 (+0,32) теңге болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 495.88 теңге, рубль бағамын 5,51 теңге деп белгіледі.

Айырбастау пункттерінде доллар 449-453 теңге, еуро 495-500 теңге, ресей рублі 5,5-5,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.

14 сәуірде мұнай бағасы да өсті. Маусымдағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,44%-ға өсіп, барреліне 86,47 доллар, WTI маркалы мұнайдың мамыр фьючерстері 0,54%-ға өсіп, 82,59 доллар болды.