Қазақстан студенттерінің құқығын студенттік омбудсмен қорғайтын болады

Қазақстан студенттерінің құқығын студенттік омбудсмен қорғайтын болады
Сурет: Almaty.tv

Бұл қызметке Айсұлу Ерниязова келді.

Қазақстанда студенттердің құқықығын қорғаумен шұғылданатын жаңа қызмет пайда болды. Бұл қызметке  Айсұлу Ерниязова тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі – студенттік омбудсмен болып Айсұлу Ерниязова тағайындалды. Ол министрлікте студенттердің құқықтарын қорғаумен айналысады», - делінген Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің баспасаөз қызметінің хабарламасында.

Айсұлу Ерниязова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, журналистика магистрі.

Айсұлі Ерниязованың әлеуметтік және білім беру салаларында қоғамдық жұмыспен айналысқан қомақты тәжірибесі бар.

Сонымен қатар, Айсұлу Ерниязова «AMANAT» партиясының республикалық Саяси Кеңесінің және Ұлттық құрылтайдың мүшесі. «Шапағат» және «Халық алғысы» мемлекеттік наградаларының, «Алтын барыс» төсбелгісінің, «Құрмет» орденінің иегері; «Үздік ерікті» номинациясының жеңімпазы, «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты.