Доллар арзандады

Доллар арзандады
Сурет: интернеттен

Әлемдік мұнай бағасы көтеріле түсті.

Қазақстан қор биржасының мәліметінше, доллардың орташа бағамы 1,69 теңгеге төмендеп, 456,18 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 63,98 теңге (-0,18) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 501,1 теңге, рубльді 5,08 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 456,9-459,3 теңге, еуро 497-501 теңге, ресей рублі 4,99-5,17 теңге аралығында саудаланып жатыр.