Дина Ержанова Бразилиядағы Сурдлимпиада ойындарында қола жүлдегер атанды

Дина Ержанова Бразилиядағы Сурдлимпиада ойындарында қола жүлдегер атанды
24 kz

Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан XXIV жазғы сурдлимпиадалық ойындарда батыс қазақстандық Дина Ержанова сурдо дзюдодан қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияровтың айтуынша, Д.Ержанова 52 келі салмақта жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Оның сөзіне қарағанда, Дина Аралбекқызы 2018 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубында (директоры Әскербек Нұрмұханов) спорт түрлерімен шұғылданып келеді.