Димаштың Алматыда өтетін концертіне билет сатыла бастады

Димаштың Алматыда өтетін концертіне билет сатыла бастады
Сурет: Еsquire.kz

Әнші Димаш Құдайберген 23 қыркүйек күні Алматыда алғаш рет жеке концертін өткізеді.

Бүгін билеттер онлайн сатыла бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматыда көптен күткен Димаш Құдайбергеннің «STRANGER» атты жеке концерті 2022 жылдың 23 қыркүйегінде өтеді. Билеттер Ticketon.kz сайтында қол жетімді.

Димаш Құдайберген күзде Қазақстанда өтетін концертіне дайындығы туралы «23 қыркүйекте өтетін концертте сізді не күтіп тұрғанын білмейсіз» деп жазған еді.