Димаш Құдайберген «King Choice» рейтингінде бірінші орында тұр

Димаш Құдайберген «King Choice» рейтингінде бірінші орында тұр
Сурет: Rus.azattyq-ruhy.kz

Әншінің жинаған дауысы 5 294 812-ге жеткен

«Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері әлеуметтік желілерде #JasOtanQoldaidy акциясын іске қосты. Ол «King Choice» рейтингінде Димаш Құдайбергенге дауыс беруді қолдау үшін ұйымдастырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы телеарнасы сайтының ақпараты бойынша, «Jas Otan» төрағасы Нұржан Жетпісбаев әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды отандасымызға дауыс беруге шақырды. Бұл үндеу "жасотандықтар" арасында #JasOtanQoldaidy атты челленджге ұласты.

Челлендж басталған күні қазақстандық әнші BTS тобының солисінен кейін орын алған, қазіргі уақытта 5 294 812 дауыспен бірінші орында тұр.