Елімізде әр курстың студенттері үшін сабақ әр түрлі уақытта басталады

Елімізде әр курстың студенттері үшін сабақ әр түрлі уақытта басталады
Сурет: Alau.kz

Жаңа оқу жылында болатын өзгерістер 

1-2 курс студенттері үшін сабақ кешірек басталмақ. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Жаңа оқу жылының басталуы» жөнінде брифинг өтті. Онда оқу жылын қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, штаттық форматта бастау жоспарланып отырғаны айтылды.

«Студенттердің арақашақтығын сақтау және жиналуына жол бермеу үшін каскадты әдіс қолданылады. Яғни оқу жылы әр курс үшін әр түрлі уақытта басталады. Мысалы, 3-4 курс студенттеріне - 1 қыркүйектен, ал 1-2 курстар мен магистранттар үшін қыркүйектен, бірақ бекітілген академиялық күнтізбе бойынша 30 қыркүйектен кешіктірілмей басталады», - деді Қуаныш Ерғалиев.