DIGITAL ALMATY 2024: Алматы ұсынған алаңда адамзат болашағын көруге болады

DIGITAL ALMATY 2024: Алматы ұсынған алаңда адамзат болашағын көруге болады
Суретті түсірген - Қ.Қоныспаев

Бүгін Алматыда Digital Almaty 2024 форумы басталады

Бұл дәстүрлі форум Алматы ұсынған халықаралық талқы және көрме алаңы. Онда цифрлық трансформацияның жаңа бағыты талқыланады, цифрлық технологиялар саласындағы жарыққа шыққан тың дүниелер  көрмеге қойылады. Кезекті ауқымды шара Атакентте 1-3 ақпан күндері өткелі тұр.

Шара несімен қызық? Әлемде цифрлық технологияның жаңа табысы дерлік күн сайын жарық көреді. Олар біздің өмірімізді қысқа уақыт ішінде өзгерту үстінде. Тіпті, болашақ адамзат қоғамның жалпы бейнесі қазіргі жаңа және цифрлық технологиялардың дамуына қарай қалыптанып келеді. Егер сізге адамзат болашағы қызық болса, онда алда күндері Атакентте өтетін аталмыш форум да қызық болары сөзссіз.

Ең бастысы форумның көрме алаңында әлемнің әр түкпіріндегі жаңа цифрлық технология өнімдері, осы саладағы жаңа өнер табыстары көрсетіледі. Кезекті форум аясында қарапайым адамдар үшін де қызықты бірқатар шаралар қамтылған. Айталық, қарапайым адамның қазіргідей цифрлы әлемде жеке басына тиесілі ақпараттарды қалай қорғауға болатынын түсіндіретін панельдік сессия, сонымен бірге Қазақстанда 3D баспаларын қалай құруға болатыны туралы жобалар таныстырылатын болады.

Өткір тақырыптар алаңында: Digital Almaty 2024 форуы алаңында аса қызықты тақлы отырыстары күтіп тұр. Онда цифрлы болашақта қандай мамандарды дайындау керектігінен тартып, өнеркәсіпті, үкімет жұмысын, әлеуметтік қызмет көрсету салаларын цифрландырудың отандық және шетелдік тәжірибелері, стратегиялары сөз болады. Шығармашылық өнімдерді, айталық әдебиет пен өнер туындыларын цифрлы әлемде насихаттаудың, қоғамдық құндылықтар мен цифрлық жүйелердің үйлесімділігіне қатысты жекелеген панельдік отырыстар өтпек.

Алматы Орта Азия көшбасшысы ретінде: иновациялық технологиялар біздің таңдауымыз. Одан бас тарта алмаймыз. Барлық елдер өмір сүру сапасын арттырып, өндірісті, тұрмысты жеңілдететін жаңа технологияларды, цифрлық технологияларды жүйелі дамытуды қолға алды. Бұл әлемдік бәйге десе де болады. Алматы Орта Азия аймағында аталған саладағы көшбасшылық орынын қазірден бастап тіктеуі керек. Цифрлық трансформацияларға арналған Digital Almaty халықаралық форумы осының айқын қадамы. Жоба ұдайы әрі жоғары деңгейде жалғасын тапса, бұл шаһарды алып геосаяси аймақтағы жаңа технологиялар базасына айналдыра алады.