DiDi такси қызметі Қазақстандағы жұмысын тоқтатады

DiDi такси қызметі Қазақстандағы жұмысын тоқтатады
Сурет: Kolesa.kz

Бұл қызмет Ресейде де тоқтатылатын болды.

4 наурыздан бастап DiDi такси қызметі Қазақстандағы және Ресейдегі жұмысын тоқтатады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Rbc.ru сілтеме жасап.

Қытайлық DiDi такси агрегаторы өз серіктестеріне ағымдағы жылдың 4 наурызынан бастап Ресей мен Қазақстандағы жұмысын тоқтататыны туралы хабарлама жіберген.

Қытайдың такси қызметі Қазақстан нарығына былтыр келген.  

«DiDi қызметін Ресейде іске қосқанымызға бір жарым жыл өткенде және Қазақстанға келгенімізге  бір жыл өткенде, жұмысымызды наурыздың 4 бастап тоқтатуға мәжбүр екенімізді өкінішпен хабарлап отырмыз», - деді DiDi баспасөз қызметінің өкілі.