Диабеттің адамның терісінен байқалатын симптомы белгілі болды

Диабеттің адамның терісінен байқалатын симптомы белгілі болды
Сурет: Центр дерматовенерологии

Америкалық дәрігерлердің айтуынша, қант диабетіне шалдыққан адамның терісінде кішкентай қызыл бөртпелер пайда болады.

Америкалық дерматология академиясының мамандары қант диабеті адамның барлық мүшелеріне, соның ішінде теріге де зиянды әсер ететінін ескертті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, аурудың болуы мүмкін екенін көрсететін бұл симптомды жай көзбен-ақ көруге болады. Бұл безеуге ұқсайтын кішкентай қызыл бөртпелердің пайда болуы, олар уақыт өте келе сары, қызыл немесе тіпті қоңыр түсті сопақ дақтарға айналады. Көбінесе аяқтың төменгі бөлігіндегі терісі зақымдалады. Бөртпе тығыз, қатты болады және ісінуі мүмкін.

Дерматолог Рейган Андерсон бұл аурудың белгілерінің бірі екенін атап өтіп, мұндай бөртпенің бәрі адамның қант диабетімен ауыратынын білдірмейді деп отыр. Осындай бөртпе байқалған жағдайда дереу дәрігермен кеңесуді ұсынады, сонда ғана қажетті қан талдауынан өтіп, науқаста қант диабеті бар-жоғын нақты айтуға болады.

Бұдан бұрын британдық фармацевт Сумайи Пател 2-типті қант диабетінің негізгі алты симптомын атады, олардың бірі түнде байқалуы мүмкін.

Дүние жүзінде шамамен 537 миллион ересек адам қант диабетімен ауырады және бұл көрсеткіш артып келеді. Ауру қандағы қант деңгейінің тұрақсыздығынан туындайды, қажетті шаралар қабылданбаған жағдайда организмге зақым келтіру қаупін тудырады.