Депозиттердің тамыз айындағы пайыздық мөлшерлемесі өзгеріссіз қалды

Депозиттердің тамыз айындағы пайыздық мөлшерлемесі өзгеріссіз қалды
Сурет: ашық дереккөз

ҚДКБҚ теңгелік депозиттердің барлық түрі бойынша 2023 жылдың тамызына арналған шекті мөлшерлемелерді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды  Almaty -akshamy.kz

«Екінші екінші деңгейдегі банктер өздерінің депозиттік өнімдеріне қатысты сыйақы мөлшерлемелерінің көлемі қандай болатыны туралы шешімді өз бетімен қабылдайды. Осыған байланысты банктер өтімділікке қатысты қажеттіліктеріне қарай, сондай-ақ қаржылық және экономикалық ахуалдарға берілетін ішкі бағаларды ескере отырып, өздерінің депозиттік өнімдері бойынша басқа сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы. Ол ҚДКБҚ бекіткен шекті сыйақы мөлшерлемелерінен айтарлықтай ерекше болуы мүмкін», – делінген Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры хабарламасында.