Денсаумин ескерту жасады

Денсаумин ескерту жасады
Сурет: интернеттен

Ведомство бірқатар қауіпсіздік ережелерін жариялады.

Денсаулық сақтау министрлігі су тасқынына байланысты тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Министрлік тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында халыққа бірқатар қауіпсіздік ережелерін жариялады:

Ішу және тамақ пісіру үшін тек бөтелкедегі немесе қайнаған суды пайдаланыңыз; Су басу орындарында бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеңіз; Су тасқынына малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз, мүмкіндігінше оларды кеміргіштер мен су тасқыны жетпейтін жерлерде сақтаңыз; Тамақ ішер алдында, дәретханадан, серуендегеннен, тамақ дайындағаннан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз; Су тасқынынан кейін барлық бөлмені дезинфекциялық ерітінділермен өңдеңіз; Егер жұқпалы аурулардың белгілері болса (дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, нәжістің босауы, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.), дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет.