Денсаулық сақтау министрі вакцина салдырды

Денсаулық сақтау министрі вакцина салдырды
Сурет: Рetrovax.ru

Бүгін тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталды.

 Бұл туралы мәлімдеген, ҚР ДСМ-нің ақпаратына сәйкес,Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тұмауға қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Министр Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханасына барып, ресейлік «Гриппол+» вакцинасын салдырды» делінген хабарламада.

Егу науқаны 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтеді.

Вакцина мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар, медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер (жүктіліктің 2-3 триместрі), жабық мекемелердегі адамдар (балалар үйі, мектеп-интернаттар), созылмалы ауруы бар ересектер мен балалар мен 60 жастан асқан қарттар үшін тегін.