Жерлесіміз - чемпион!

Жерлесіміз  - чемпион!
Сурет: Vesti.kz

Денис Никиша шорт-тректен әлем кубогі кезеңінің чемпионы атанды.

Қазақстандық Денис Никиша шорт-тректен Алматыда өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық шорттрекші өзіне қолайлы қашықтық - 500 метрден топ жарды.

Оңтүстіккореялық Яжан Сунву екінші, бельгиялық Стижн Десмет үшінші орынға ие болды.

Бұл - Денис Никишаның биылғы әлем кубогі кезеңдеріндегі төртінші медалі.

Осыдан бұрын Солт-Лейк-Сити мен Алматыда 500 метр қашықтықта күміс жүлдегер атанған еді.

Сондай-ақ кеше Алматыда тағы да 500 метрліктен мәре сызығын үшінші болып қиды.